ІІМ жеке күзет ұйымдарының штат нормативін жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер министрлігі жеке күзет ұйымдарының штат нормативін жариялады.

күзет
Фото: Kazinform

19 тамызға дейін көпшілік талқылауында болатын бұйрықтың жобасында жеке күзет ұйымдарындағы қызметкерлердің санына қойылатын талап нақтыланған.

1. Стационарлық объектілерді күзету кезінде:

- бір тәуліктік күзет бекетіне 4,5-тен аспайтын штат күзетшісінің бірлігі;

- он екі сағаттық бір күзет бекетіне 2,25-тен аспайтын штат күзетшісінің бірлігі;

- сегіз сағаттық бір күзет бекетіне 1,5-тен аспайтын штат күзетшісінің бірлігі;

- күзетілетін объектілерден түсетін шақыруларға қызмет көрсететін жеке күзет ұйымының бір тәуліктік ұтқыр тобына (жедел ден қою тобына) 13,5-тен аспайтын штат күзетшісінің бірлігі.

2. Магистралдық құбырларды күзету кезінде:

- айналма жолдарды, жер бедерінің күрделілігін, трассадан өтетін жолдың бойын, елді мекендерден алшақтығын, желілік бөлігін техникалық құралдармен қорғауды, ауданға төнетін қауіп пен криминалдық қауіп-қатерді талдауды ескере отырып, магистралдық мұнай құбырының желілік бөлігінің 40 - 80 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ;

- күзетілетін магистралдық газ құбырының желілік бөлігі трассасының 100 - 160 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ бекітілсін.

3. Теміржол және автомобиль көлігімен тасымалданатын жүктерді күзету кезінде күзетшілердің саны стационарлық объектілерді күзету үшін белгіленген нормативтер шегінде шарт талаптарымен белгіленеді.

Соңғы жаңалықтар