ІІМ: Жыл басынан бері елімізде 466 келі синтетикалық есірткі тәркіленді
АСТАНА. KAZINFORM — Үкіметтегі отырыста Ішкі істер министрі Ержан Сәденов есірткіні заңсыз өндіруге қарсы күрес нәтижелері туралы да айтты. Бұл туралы ведомаствоның баспасөз қызметі мәлім етті.
Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 466 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.
— Есірткі өндірісі барған сайын ауылдық жерлерге ауысуда. Жойылған он есірткі зертханасының жетеуі ауылдық елді мекендерде орналасқан. Сонымен қатар заңды тауар ретінде көрсетіліп, елге контрабандалық жолмен әкелінетін прекурсорларды жеткізу арналарының жолы кесілуде. Жалпы көлемі 11 тоннадан астам прекурсор тәркіленді. Олардың көмегімен шамамен 1,5 тонна синтетикалық есірткі өндіруге болар еді, — деді министр.
Еске сала кетейік, есірткіге қарсы күрес бойынша Үкімет жаңа шараларды қолға алғанын жаздық.