ІІМ жол апатына жиі әкелетін жайттарды атады

АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрлігі адамдардың жол апатына ұшырауының негіздері себептерін атап көрсетті.

ШҚО-да жол апатынан 5 адам көз жұмды
Фото: ШҚО ПД

— Жол апаттарының негізгі себептері өзгеріссіз қалып отыр, ол жылдамдықты арттыру, қарсы жолаққа шығып кету, мас күйінде көлік жүргізу және жаяу жүргіншілердің жолды төтесінен кесіп өтуі. Тек жылдамдық режимін бұзу салдарынан 406 адам, қарсы жолаққа шығу себебінен 400 адам, ал жолды рұқсат етілмеген жерден өткен 67 адам қаза тапты, — деді Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

ІІМ өкілінің айтуынша, жол апатына әкелетін тағы бір маңызды себеп — көлік тәртібінің төмен деңгейі.

— Жыл басынан бері полиция 12 миллионнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу жайтын анықтады. 21 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды. 25 мыңнан астам адам көлік жүргізу құқығынан айырылды. 21 мың адам қамауға алынды және 401 мыңнан астам жолды төтесінен кесіп өткен жаяу жүргіншіге айыппұл салынды, — деп толықтырды спикер. 

Айта кетейік, елімізде жол апатынан зардап шеккен жандарға өтемақы көлемі артуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар