"Мәдени Азиада" жобасы - Қазақстан мен оның халқының ерекшелігі мен сұлулығын ашып көрсетуге мол мүмкіндік туғызды
Бұл үлкен жоба спорт пен мәдениетті біріктіруге шақырды. Біз осы ұғымды кеңітіп, оны сұлулықпен толтыру үшін байқауды арнайы ұйымдастырдық. Бұл туралы "Азиада аруы-2011" байқауының продюсері, әрі директоры Яна Малер ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша "Азиада аруы" байқауы осы құндылықтарды біріктіретін және біздің жастарымыздың салауатты өмірге, спортқа, жан сұлулығы мен тән сұлулығына үндейтін ерекше мерекелік шара болды. "Біз, жобаның авторы ретінде және ұйымдастырушысы ретінде Азиаданы қолдау мақсатындағы сұлулық байқауын өткізу басқа мемлекеттерге үлгі болады деген сенімдеміз", -деді ол.
Ол сонымен қатар: "Жоба арқылы денсаулығы мықты және көркем ұлт қазақстандықтарды күллі әлемге паш еткізгіміз келді", - деп атап өтті.
Яна Малердің пікірінше, Азиада - спорт тарихында да, қоғам өмірінде де ерекше орны бар айтулы оқиға болды.