18:22, 23 Қаңтар 2009 | GMT +5
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясындағы жетістіктерді оқу үдерісіне енгізу жұмысын шапшаңдатқан жөн - Премьер-Министр
АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Мәдениет және ақпарат министрлігіне Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қол жеткізілген нақты жетістіктердің бәрін оқу үдерісіне енгізу жұмысын шапшаңдатуды тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Жоспарға сәйкес Мәдениет және ақпарат министрлігіне Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асырыла басталғалы бері қол жеткізілген нақты жетістіктердің бәрін оқулықтарға енгізу үшін жұмыстарды үйлестіруі қажеттігін тағы бір ескерткім келеді», деді К. Мәсімов Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2008 жылдың қорытындысына арналған бүгінгі алқасында.Былтыр Үкімет отырыстарының бірінде «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру барысы егжей-тегжейлі талқыланғанына тоқталған Премьер-Министр, оның аясында елімізге қажетті көп пайдалы дүниелердің ашылғанын айта келе: «Оларды біздердің балаларымыз білгені жөн», деп атап көрсетті.