Мәдениет қайраткерлеріне Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлық табысталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыдағы Достық үйінде еліміздің мәдениет және өнер өкілдерін марапаттауға арналған іс-шара өтті. Қазақстандық мәдениет қайраткерлеріне Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықпен қатар Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің Құрмет грамоталары табысталды. 

Мәдениет қайраткерлеріне Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлық табысталды
Фото: Мәдениет комитеті

Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдары мен шығармашылық қауым өкілдері қатысты.

Алматыда отандық мәдениет қайраткерлеріне Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлық табысталды
Фото: Мәдениет комитеті

Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлығы бірқатар белгілі азаматтарға берілді. Театр мен киноның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстанның халық әртістері Досқан Жолжақсынов, Тұңғышбай Жаманқұлов және Нұржұман Ықтымбаев марапатталды.

Алматыда отандық мәдениет қайраткерлеріне Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлық табысталды
Фото: Мәдениет комитеті

Сыйлық иегерлері қатарында жазушы Нұрлан Қами, ТҮРКСОЙ Бас хатшысының кеңесшісі Қайрат Мұқанов және Жамбыл атындағы филармонияның директоры Ақан Әбдуәлиев бар. Қырғыз Республикасының Құрмет грамоталары Алматы қаласының мәдениет саласына еңбек сіңірген өнер иелеріне және мекеме басшыларына табысталды. Атап айтсақ, Арафат Ысқақовқа, Әридаш Оспанбаеваға, Әлихан Лепесбаев, Гүлжамал Қазақбаева, Арман Жүдебаев және Данияр Әлиевке берілді.

Алматыда отандық мәдениет қайраткерлеріне Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлық табысталды
Фото: Мәдениет комитеті

Марапат иелерінің әрқайсысы елдегі музыка, театр және білім беру салаларының дамуына ықпал етіп келеді. 

Айта кетелік елордада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары марапатталған еді

Соңғы жаңалықтар