Мәдениет министрі ҚР Президентін Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасының негізі бағыттары туралы хабардар етті
СТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
М.Құл-Мұхаммед Президентті Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымда қолданылуын қамтамасыз етуге тиісті Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасының негізгі бағыттары туралы хабардар етті.
Министр сондай-ақ «Мәдени мұра» бағдарламасының орындалу барысы, атап айтқанда, ғылыми-қолданбалы зерттеулерді, археологиялық қазбаларды жүргізуді, тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруді жүзеге асыру туралы баяндады.