Мәдениет министрлігі заманауи тақырыпқа арналған ең үздік драмалық шығармаларға конкурс жарияламақ

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мәдениет және ақпарат министрлігі Наурыз мерекесіне дейін қазақ және орыс тілдерінде жазылған осы заманғы тақырыпқа арналған ең үздік драмалық шығармаға конкурс жариялайды. Бұл туралы бүгінгі алқа мәжілісінде осы ведомствоның басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, бірінші орын алған шығармаға -1,5 млн. теңге, екіншісіне - 1 млн. теңге, үшіншісіне - 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Конкурстың қорытындысы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында шығарылмақ. Бұл конкурстың бұрынғы конкурстардан ерекшелігі - бірінші орын алған пьеса 2010 жылы М. Әуезов атындағы театрдың, екінші орынды алған туынды Ғ. Мүсірепов атындағы театрдың, ал үшінші орын алған шығарма облыстық драма театрлардың сахналарында қойылатын болады. М. Құл-Мұхаммед корей, ұйғыр, неміс тетрларының сахналарына лайықталып жазылған үздік туындылар болса, оларға да арнайы сыйлықтар тағайындалатынын атап өтті. «Ол туындылар да бірнеше жылдардан бері репертуарлары өзгермей келе жатқан ұлттық сахналарда қойылады», деді ол. «Дәл осындай принцип бойынша, дәл осындай көлемдегі сыйақы мөлшерімен үздік балет пен операға арнайы конкурс жарияланады. Онда жеңіп шыққан туындыларды да жоғарыдағыдай тәртіппен сахналаймыз», деді министр.
Соңғы жаңалықтар