Мәдениет және ақпарат министрі «Қазақ энциклопедиясының» жаңа бас редакторын таныстырды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед бүгін Алматыда «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің ұжымына жаңа бас редакторды таныстырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақ энциклопедиясына» келген азаматта кем дегенде екі түрлі қасиет болуы керек. Біріншісі - ол міндетті түрде ғылым докторынан кем емес, танылған, бұл қайдан келген деп сырттағы адамдар айтпайтын ғылыми еңбегі жөнінен де, ғалым ретінде де танылған азамат болу керек. Екіншіден, ол жазу-сызудан, редакторлық жұмыстан, қазақ әдебиетінің, мәдениетінің арғы-бергі тарихынан хабардар азамат болу керек. Міне осы екі критерийдің екеуіне де жауап бере алатын азамат болғандықтан Бауыржан Өміржанұлы Жақыпты осы қызметке тағайындау жөнінде шешім қабылданды», дейді Мұхтар Құл-Мұхаммед. «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің бұрынғы бас редакторы тарих ғылымының докторы, профессор Бүркітбай Аяған өткен жылдың аяғында Президент әкімшілігінің шақыруы бойынша жаңадан ашылған Қазақ мемлекетінің тарихы институтының директоры боп тағайындалған болатын. «Жылдың аяғына дейін келмегенім бастаған жұмыстарын аяқтасын, Бүркітке бір жағынан жаңа жұмысыңызды бастағанша биылғы жылдың жоспарлаған жұмысын аяқтасуға өзіңіз де септігін тигізіңіз, деп өтініш айтқан едім. Енді міне көп ойланып, толғанып «Қазақ энциклопедиясының» бас редакторлығына филогия ғылымының докторы, профессор Бауыржан Өміржанұлы Жақыпты тағайындау туралы шешім қабылданды. Б. Жақып 1963 жылы мамырдың 1-інде Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы Аққора ауылында туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген, еңбек жолын Қазақ теледидарының әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясында редактор, одан кейін «Жалын» кітап баспасында редактор қызметін атқарған. Сондықтан редакторлық жұмыстан өте жақсы хабардар. 1986 жылдан бері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушыдан бастап доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, деканның орынбасары, декан сияқты қызметтерді абыроймен атқарған азамат. Осы уақытқа дейін қазақ және орыс тілдерінде он шақты ғылыми монографиялары, оқулықтары жарық көрген. Ресейдің Мәскеу мемлекеттік университетінде, АҚШ-тың Охлакома мемлекеттік университетінде білім жетілдіру тәжірибесінен өткен. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін белгілі дәрежеде жақсы білетін азамат. Сондықтан өзіне сеніп тапсырылған қызметті абыроймен орындайтындығына өз басым сенімім мол», дейді Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Соңғы жаңалықтар