Мадейрада опат болғандардың саны 40 адамға жетті

АСТАНА. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат - Португалияның Мадейра аралында жүрген туристер сенбі күні табиғат апатына ұшырады - аралда су тасқыны мен лай көшкіні болды. Туристерден ешкім зардап шеккен жоқ.

Мадейрада  опат болғандардың саны 40 адамға жетті

Әзірге, бұл мәліметті жергілікті билік қуаттамағанымен, келіп жеткен алдын-ала мәліметтер осыны қуаттап отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Әдетте шетелдік қонақтар аялдайтын қонақүйлердің әкімшілігі осындай ақпарат беруде.

Ал апат салдарынан жалпы қаза тапқандардың саны 40 адамды құрап, зардап шеккендердің саны - 120 адамға жетіп отыр. Жергілікті өкімет қазалы оқиғалардың әлі де өсу ықтималдығын жоққа шығармайды, себебі із-түзсіз жоғалғандардың нақты саны әлі анықталған жоқ. Алыс елді мекендерге құтқарушылардың әлі де жетіп үлгермеуі осыған себеп болып отыр. Ал апат салдарынан баспанасыз қалғандардың саны 250 адамға жуықтаған.

Метеорологтардың мәліметтері бойынша, бұл су тасқыны Мадейрада соңғы 100 жылда орын алған ең үлкен табиғат апаты болып отыр.