Мәди Такиев: Салық борышкерлерінің 72%-ының мойнында 26 мың теңгеге жетпейтін қарыз бар

АСТАНА. KAZINFORM — Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында салық берешегінің шекті сомасын неге көтергендерін айтты. 

Мәди Такиев
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

— Бұрын әлеуметтік аударымдар бойынша іс жүзінде шек болмаған еді. Мысалы биыл салық берешегі шамамен 26 мың теңгеден немесе 6 айлық есептік көрсеткіштен өндіріліп алынса, енді салық берешегінің бойынша шегі 87 мың теңгеге немесе 20 айлық есептік көрсеткішке дейін көтеріледі. Әлеуметтік төлемдерді мәжбүрлеп алу сомасының шегі шамамен 26 мың теңгеге немесе 6 айлық есептік көрсеткішке дейін көтеріледі, — деді Мәди Такиев.

Министрдің сөзінше, қазір әлеуметтік төлемдер бойынша берешек шегінің болмағандықтан өндіріп алу шараларына микро және шағын бизнес жиі тап болып жатыр.

— Борышкерлердің шамамен 72%-ының 6 айлық есептік көрсеткішке дейін борыштары бар. Осының кесірінен шығыс операциялары тоқтатылады, бизнес уақыты мен ақшасын жоғалтады, — деді ол.

Қысқартып айтсақ, 2026 жылдан бастап берешегі 87 мың теңгеге немесе 20 айлық есептік көрсеткішке жетпейтін салық төлеушілерге тек хабарлама жіберіліп, өсімпұл ғана есептеледі;

Ал берешегі 87 мыңнан 195 мың теңгеге дейін немесе 20-дан 45 айлық есептік көрсеткішке дейін болса, шығыс операциялары өтелмеген борыш сомасы көлемінде уақытша тоқтатылады. Салық төлеуші мұны да елемеген жағдайда ғана мәжбүрлеу алу тетіктері іске қосылуы мүмкін.

Ал берешегі 195 мың теңгеден немесе 45 айлық есептік көрсеткіштен асса, мүлікті тізімдеу және сату, дебиторлар есебінен өндіріп алу сияқты қатаң шаралар қолданылады.

Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында микро және шағын бизнесті қолдау шараларын талқыланып жатыр

Соңғы жаңалықтар