«Маэк-Қазатомпром» Ақтаудың 22 мың 808 тұтынушысына коммуналдық қызмет көрсету барысында заңсыз алынған 96 млн. 391 мың 791 теңгені қайтарды

АҚТАУ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Прокурорлық ықпал ету шаралары бойынша  «Маэк-Қазатомпром» ЖШС Ақтау қаласының 22 мың 808 тұтынушысына коммуналдық қызмет көрсету барысында заңсыз алынған  96 млн. 391 мың 791 теңгені  қайтарды,

 «Маэк-Қазатомпром» Ақтаудың 22 мың 808 тұтынушысына коммуналдық қызмет көрсету барысында заңсыз алынған  96 млн. 391 мың 791 теңгені  қайтарды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық прокуратура 2007 және 2008 жылдары Ақтау  тұрғындарының мүддесі үшін  «Маэк-Қазатомпром» ЖШС мен  ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Маңғыстау облыстық басқармасына «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС мен Ақтау қаласы тұрғындары арасындағы энергиямен қамту шартының кейбір тармақтарын заңсыз деп тану туралы талап-арыздарын берген.

 Маңғыстау облысы мамандандырылған экономикалық сотының шешімдерімен Ақтау қаласы прокурорының талабы ішінара қанағаттандырылып, жоғарыда аталған шарттың кейбір бөліктері сот арқылы заңсыз деп танылды.

 Алайда, сот шешіміне қарамастан «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС  Ақтау қаласының тұрғындарынанкоммуналдық қызмет көрсету барысында заңсыз алынған 267 млн. 197 мың теңгені қайтару бойынша қайта есептеуді жүргізбеген.

 Ақтау қаласының прокуратурасы осы дерек бойынша заң бұзушылықты жою жөнінде ұсыныс енгізді, оны қарау нәтижесінде «МАЭК-Қазатомпром» ЖШСағымдағы жылдың сәуір айынан бастап қала тұрғындарына заңсыз алынған ақша сомаларын қайтару мақсатында  қайта  есептеуді жүргізуде.

Бүгінгі күнге дейін 22 мың 808 тұтынушыға 96 млн. 391 мың 791 теңге қайтарылып, заң бұзушылықтарға жол берген «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС-нің 2 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.