Маған ықпал ету не болмаса тұқырту әрекеттері болмады - Қ.Жаңбыршин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маған ықпал ету не болмаса тұқырту әрекеттері болмады. Бұл туралы бүгін «КТК» телеарнасының «Халық қызметшісі» бағдарламасына сұхбат берген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин айтты.
None
None

«Біз тексерумен айналысқаннан кейін оның барысында түрлі сипаттағы қаржылық заң бұзушылықтардың анықталып жататындығы түсінікті. Бұл бұзушылықтардың қалың бұқараға жария болмауын қалайтын да адамдар бар. Қоғамның құлағдар болмауын, Мемлекет басшысының білмеуін қалайтындар да кездеседі. Әрине, тұқырту әрекеттер болмағанымен ықпал етуге тырысқандар кездесті. Ал, параға қатысты айтар болсам, тікелей ұсынған немесе тасада келіссөздер жүргіздендер болмады. Бірақ, тұспалдаушылар кездесті», - деді комитет төрағасы.

Соңғы жаңалықтар