МАГАТЭ Иранның ядролық бағдарламасының бейбіт мақсаттылығын растаған жоқ

АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат - Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) Иранның ядролық бағдарламасының бейбіт мақсаттылығын растай алмайды.
None
None

Бұл туралы Ядролық қару-жарақты таратпау туралы келісімшарт бойынша өткен сегізінші шолу конференциясында МАГАТЭ Бас директоры Юкия Амано мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

МАГАТЭ «Иранның ядролық материалдары лайықты деңгейде қолданбай отырғанын қуаттауға негізделген тексерулерді жалғастыруда», деп атап көрсетті МАГАТЭ басшысы өз сөзінде. «Әзірге Тегранның ядролық материалдарды бейбіт мақсатта қолдану фактін растай алмаймыз», деді Амано мырза. Ол сондай-ақ, «Иранның МАГАТЭ-мен лайықты деңгейде ынтымақтаспай отырғанын» атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар