МАГАТЭ-нің жаңа бас директоры болады

МӘСКЕУ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат - МАГАТЭ-нің Басқарушы кеңесі осы ұйымның жаңа бас директорын сайлау үшін бүгін кезектен тыс сессияға жиналады. Үміткерлер үшеу, олар - Жапонияның, Оңтүстік Африка Республикасының және Испанияның өкілдері,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Жаңа бас директордың кандидатурасы ұйымның 65 мүше-мемлекетінің, оның ішінде Ресейдің өкілдері енетін Басқарушы кеңес - агенттік басқарушы органы мүшелерінің кемі үштен екісінің қолдауына ие болуы тиіс. Бұдан бір ай бұрын болып өткен «сынама» сайлауында үміткерлердің ешқайсысының да жолы болмады.

Басқарушы кеңес жаңа бас директорды Венада қыркүйектің 14-і мен 18-і аралығында өтетін МАГАТЭ Бас конференциясының кезекті сессиясына бекітуге ұсынуы тиіс. Егер сол уақытқа дейін лайықты басшы табудың сәті түспесе, мерзімі қарашаның 30-ында аяқталатын Мұхаммед әл-Барадеидің өкілеттігін техникалық ұзарту туралы мәселе қойылатын болады.

Соңғы жаңалықтар