МАГАТЭ сарапшылары Қазақстанға ядролық нысандарды тексеру мақсатында келеді

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (МАГАТЭ) сарапшылары Қазақстанға ядролық нысандарды тексеру мақсатында келеді.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға МАГАТЭ сарапшыларының келуі жоспарланып отыр. Сарапшылардың бұндай жыл сайынғы сапарының басты мақсаты - Қазақстанның ядролық нысандарын тексеру. Бұған дейінгі МАГАТЭ сарапшыларының тексерулері барысында, яғни өткен он жылда Қазақстанға аталған ұйым тарапынан ешбір ескерту болған емес», деді Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Әсет Мағауов.

Сонымен бірге, вице-министр Қазақстанның уран мәселесі бойынша экспорттық бақылау шараларына тоқталып өтті. Оның айтуынша, еліміздің уран экспорты қызметтің лицензияланған түріне жатады. Ал бұндай экспорттық шаралар үшін қазақстандық кәсіпорындар мемлекеттік лицензия алулары шарт. «Қазақстанның ураны негізінен ядролық держава болып табылмайтын елдерге шығарылады. Сонымен бірге, соңғы пайдаланушының арнайы сертификаты болған жағдайда ғана отандық уран сыртқа шығарылады. Сертификат - уран алушы мемлекеттің уранды бейбіт мақсатта пайдаланатынын және Қазақстанның рұқсатынсыз үшінші елдерге шығара алмайтындығын білдіреді. Қазақстанның ураны жеткізілетін мемлекеттер туралы арнайы тізім бар. Біздің бұл бағыттағы ақпаратымыз ашық. МАГАТЭ тарапынан да ол бойынша еш мәселе болған емес», деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар