Мағауиннің шығармасы желісімен түсірілетін фильмге сценарий іріктеліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Белгілі жазушы Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» атты әңгімесінің желісімен көркем фильм түсіру үшін сценарий іріктеу жұмыстары жүріп жатыр.

сценарий
Фото: pixabay.com

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің Сенат депутатының сауалына жолдаған жауапта айтылған.

— Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» шығармасы негізінде көркем фильм түсіру мәселесі бойынша қазіргі уақытта қолайлы сценарийлерді іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтеміз, — деп жазылған жауапта.

Сондай-ақ жауапта тазы мен төбет күнін белгілеу ұсынысы да күн тәртібіндегі мәселе екені айтылған.

— Бұл мәселе бойынша қоғамдық ұйымдар мен кинологтар, тазы мен төбет селекционерлері 3 қыркүйекті осындай күн ретінде белгілеу мүмкіндіктерін талқыланғанын хабарлаймыз. Бұл осы күні қазақы ит тұқымының халықаралық деңгейде алғаш тіркелуіне, сондай-ақ «қазақ тазысының» алдын ала ресми халықаралық деңгейде танылуына байланысты, — деп жазады Олжас Бектенов.

Еске салсақ, белгілі жазушы Мұхтар Мағауин биыл қаңтар айында дүниеден озған еді. 

Соңғы жаңалықтар