Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Магистратура бойынша 2025-2026 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. 

магистратура
Фото: Pexels

Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.

Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 20 мыңнан астам адам қатысты.

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2025 жылдың 28 тамызына дейін (қоса алғанда) жүргізіледі. 

2025-2026 оқу жылына арналған білім беру гранттары иегерлерінің тізімі.

Айта кетелік магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу кезінде 130 адамның нәтижесі жойылған еді

Соңғы жаңалықтар