Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің аралық нәтижесі жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгінгі күнге дейін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуді (КТ) 39 мыңнан астам үміткер тапсырды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

210 мың талапкер ҰБТ тапсырды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аралық қорытынды бойынша:

  • Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша түсушілердің 52%-ы, бейінді бағыт бойынша 21%-ы шекті балл жинаған;
  • Ғылыми-педагогикалық бағыттағы орташа балл — 78, ал бейінді бағытта — 23 балл;
  • Ең жоғары нәтиже — 139 балл.

Сонымен қатар, тестілеу барысында тәртіп бұзғаны үшін 99 адамның нәтижесі жойылды. Атап айтқанда:

  • Тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 67 үміткер тест тапсыру құқығынан айырылды;
  • Тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін 31 адам аудиториядан шығарылды;
  • 1 бөгде тұлғаның қатысқаны анықталды.

Еске салайық, магистратураға қабылдауға арналған кешенді тестілеу 21 шілдеде басталған және 7 тамызға дейін жалғасады.

  • Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12–18 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
  • Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланбақ.
  • Болашақ магистранттарды жоғары оқу орындарына қабылдау 28 тамызға дейін аяқталады.

Айта кетейік, магистратураға түсушілерге арналған күнтізбе жарияланды.

Соңғы жаңалықтар