«Махаббат шайыры» студенттермен кездесті

АЛМАТЫ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда ақын, драматург Исраил Сапарбайдың «Махаббат - мәңгі ертегі» деп аталатын жыр кеші өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде болған бұл шараны «Әдеби жүздесулер» клубы ұйымдастырды.
None
None

Онда қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірхан Әбдіманұлы ақынның 70 жылдық мерейтойына арналған жылы лебізін білдіріп, иығына шапан жапты. Жыр сүйер қауымды өлеңмен сусындатып қана қоймай, бірқатар жас ақындардың тұсауын кесті.

«Пайғамбарымыз бір сөзінде: «менен кейін пайғамбар келмейді, ақындар келеді» деген ғой. Міне, соның айғағы бүгінгі кеш болып отыр. Мен өте байып отырмын, яғни әдебиетке, жырға, поэзияға, өлеңге құмар жастарды, бойжеткендер мен бозбалаларды көріп марқайып отырмын. Поэзия - адам жанын жұмсартады, нәзіктік, мейірім шуағын құяды. Осы кезекте мен өкінетін бір тұс бар ол, поэзиямен емдеу сеансын дамыту керек еді деп ойлаймын. Себебі, өлеңде, жырда адам жанын қаталдықтан, қаттылықтан емдейтін күш бар», - дейді тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегері И. Сапарбай.

Соңғы жаңалықтар