Махачқалада ішкі істер басқармасының бастығын өлтірген қылмыскерлердің машиналары табылды

АСТАНА. Ақпанның 8-і. ҚазАқпарат - Махачқалада 2010 жылғы ақпанның 5-інде қалалық ішкі істер басқармасының бастығына қастандық жасау кезінде пайдаланылған екі автомобиль анықталды,

Махачқалада ішкі істер басқармасының бастығын өлтірген қылмыскерлердің машиналары табылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

Республика құқық қорғау органдарының хабарлауынша, машиналар «Родник» саяжай серіктестігінің аумағында анықталған. Олардың салондарынан жасанды жарылғыш құрылғы және автоматты қарудан атылған оқтардың гильзалары табылған.