20:01, 11 Қаңтар 2010 | GMT +5
Махмұд Ахмадинежад әлемді ядролық қарудан арылуға шақырды
АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат - Иранның президенті апта сайын батыстық державаларға жаңа ультиматумдар мен талаптар қоюды дағдыға айналдырды. Мұның алдындағы аптада исламдық республикаға байытылған уранды шұғыл жеткізіп беру туралы көлденең тартқан ультиматумнан кейін Ахмадинежад жаһандық және тез арада ядролық қарусыздануды талап етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.руға сілтеме жасап.
Президент IRNA агенттігіне берген сұхбатында: «Барлық мемлекеттер ядролық қарудан арылуы тиіс. Иран осы мақсаттарға жету үшін бар мүмкіндікті жасайтын болады». Президент сонымен қатар, ядролық қаруды бұған дейін пайдаланған елдер «жауапқа тартылуы тиіс» екендігін мәлімдеді.