Махмұд Сабырхан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Моңғолия астанасында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қарсыласынан басым түсті. 

Махмұд Сабырхан жарыс жолын жеңіспен бастады
Фото: ҰОК

Жарысты ширек финалдан бастаған отандасымыз Өзбекстан спортшысы Шахзод Мұзафаровты жеңіп (3:2), жартылай финалға жолдама алды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Төрехан Сабырханның бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына өткенін хабарлаған едік.