Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова «Жылдың үздік боксшысы» номинациясына ұсынылды

АСТАНА. KAZINFORM — World Boxing халықаралық федерациясы «Жылдың үздік боксшысы» атағына үміткерлерді жариялады. 

Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова «Жылдың үздік боксшысы» номинациясына ұсынылды
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, үміткерлер тізіміне Қазақстан ұлттық құрамасының екі боксшысы енді.

Ерлер арасында биыл әлем чемпионатында жеңіске жетіп, Астанада өткен әлем кубогының кезеңінде топ жарған Махмұд Сабырхан номинацияға ұсынылды.

Ал әйелдер арасында Наталья Богданова үміткер атанып отыр. 2025 жылы ол әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, әр номинация бойынша 5 боксшыдан ұсынылған. Дауыс беру 26 желтоқсанға дейін жалғасады және Instagram желісінде жанкүйерлер арасында «1 лүпіл = 1 дауыс» ережесімен өткізіледі. Осы сілтеме арқылы дауыс беруге болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Балауса Мұздыман кезекті жекпе-жегінің алдында жарақат алып қалғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар