Македония Республикасы Президентінің сапары Қазақстанмен арадағы экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға соны серпін береді - Н.Назарбаев

АСТАНА.  2 шілде. ҚазАқпарат - Македония Республикасының Президентінің сапары Қазақстанмен арадағы экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға соны серпін береді. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан мен Македония Президенттері бірлескен мәлімдеме жасау барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Македония Республикасы Президентінің сапары Қазақстанмен арадағы экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға соны серпін береді - Н.Назарбаев

Президент Македония Қазақстанның Балқандағы негізгі әріптесі екенін атап өтті.

«Тәуелсіздік жылдарынан бері қарай қарым-қатынас онша көп дамыған жоқ. Сондықтан сауда-саттық ауқымы да көп емес. Осы орайда бұл кездесудің өте үлкен маңызы бар», - деп атап өтті Елбасы.

Атап айтқанда, келіссөздердің қорытындысы бойынша Н. Назарбаев пен Г. Иванов бірлескен мәлімдеме қабылдады. Бұл құжат саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған.

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы Н. Назарбаев осы құжат екі елдің арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін беретінін жеткізді.

Айта кетейік, бұл - Елбасының шақыруымен Македония Президентінің Қазақстанға жасалып отырған тұңғыш сапары.