Макгрегор Мейвезерге өзінің ережесі бойынша айқасуды ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - UFC шебері Конор Макгрегор танымал боксшыны өзі үйренген сегізбұрышты алаң - «Октагонда» айқасуға шақырып жатыр. 

Тамыз айында ирландиялық спортшы кіші Флойд Мейвезерге қарсы бокс ережелері бойынша рингке шығып, мерзімінен бұрын жеңіліп қалған болатын. Енді ол Флойдтан аралас жекпе-жек ережелері бойынша кек қайтаруға ниетті. Егер бұл айқасты ұйымдастырудың сәті түспесе, сегізбұрышта Пол Малиньяджимен жұдырықтаспақ.

«Мейвезер о баста келесі жекпе-жекті ММА-да өткізу туралы айтқан. Бұл - оның айқас алдындағы сөзі. Мен осы екі антұрғанның бірін осында сүйреп әкелемін. Мен олардың әлеміне кірдім. Мен миллиондаған көрерменге тамаша шоу жасап бердім, ал олар батылдық туралы әңгіме айтады. Олардың бірі менің әлеміме кіріп көрсін... Малиньяджи немесе Флойд ММА-да менімен кездессін. Біз оның о бастағы сөзі бойынша бокста реванш өткізуіміз мүмкін еді. ММА - келесі жол. Менде түрлі ұсыныстар бар», - дейді Макгрегор.

Соңғы жаңалықтар
telegram