Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Максим Балабин Қытайда жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлде еншіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық жеңіл атлет Максим Балабин Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Максим Балабин Қытайда жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлде еншіледі
Фото: ҰОК

Жерлесіміз сырықпен секіруде 5.05 метр нәтижесін көрсетті. Осылайша үшінші орын алды.

Алтын медальді Сейфелдин Абдельсалам (Қатар) жеңіп алды — 5.45 метр.

Қытайлық Жуй Лю екінші орын алды — 5.20 метр.

Сондай-ақ әйелдер арасында 400 метрге жүгурде Мария Шувалова төртінші, Анна Шумило алтыншы орынға табан тіреді.

Одан бөлек, 400 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысында Екатерина Колода бесінші, Анастасия Цвиркунова алтыншы болып мәреге жетті.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 12 шілдеде аяқталады.

Бұған дейін Аяна Болатбекқызы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында алтыншы орын алғанын жазғанбыз.