Мақтаарал ауданында көпқабатты үйлер саны көбейеді

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Мақтаарал ауданыда көпқабатты үйлер саны көбейеді. Мырзакент кентін ұлғайтуға арналған 160 гектар жер теліміне баспаналар салу үшін биыл арнайы жоба әзірленуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жер телімі инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы бастау алмақ. Осылайша 7-20-25 бағдарламасы аясында мақтааралдықтар баспаналы болады деп жоспарланған. Жалпы, құрылғанына енді ғана бір жыл болған Мақтаарал ауданы құрылыстың ордасына айналып отыр. Атакент кенті мен ауданның барлық елді мекендерінде алдағы уақытта құрылыс жұмыстары қарқын ала түспек. Ол үшін қазіргі таңда 39 елдімекеннің бас жоспары жасалуда. Сонымен қатар, мектептер, мәдениет үйлері, әкімшілік ғимараттары, көп қабатты тұрғын үйлер салынады деп күтілуде. Жаңадан құрылған ауданның дербес бөлімдерін заманауи ғимаратпен қамтамасыз ету мақсатында Мырзакент кентінен әкімшілік ғимаратының құрылысын бастау үшін СЖТ әзірленген. Сондай-ақ, Еңбекші және Жамбыл ауылдық округтерінің орталықтарынан мәдениет ошақтарын дамыту мақсатында 2 мәдениет үйі және кітапхана құрылысына биыл жобалық сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланып отыр.

Мәселен, Бірлік ауылдық округіне қарасты Пернебаев елді мекенін кеңейтуге бөлінген 5 гектар жер теліміне ауыз су және электр жарығын алып бару үшін жобалық сметалық құжаттама дайындалуда. Ал, Жаңа жол және Бірлік ауылдық округтерінде мал өлекселерін тастайтын шұңқыр құрылыстары салынбақ. Айта кетейік, бүгінгі күні Мақтаарал ауданында республикалық бюджет есебінен 2 мектеп және облыстық бюджет есебінен 5 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар
telegram