Мақтаарал ауданының 13 мыңнан астам тұрғыны ҚР Президентінің Жолдауын қолдап митингі ұйымдастырды

ШЫМКЕНТ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Мақтаарал ауданының аудан орталығы - Жетісай қаласында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын қолдауға арналған митинг өткізілді.

Мақтаарал ауданының 13 мыңнан астам тұрғыны ҚР Президентінің Жолдауын қолдап митингі ұйымдастырды

13 мыңнан астам адам бас қосып, Жолдауды талқылап, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа өз құрметтерін білдірді.

Митинг соңында оған қатысушылар - Ардагерлер кеңесі, ұлттық мәдени орталықтардың, ҮЕҰ, кәсіподақтардың, атқамінерлердің, шаруа қожалықтары, жастардың өкілдері Мемлекет басшысына ашық хат жолдап, онда Нұрсұлтан Назарбаевқа аймақтарды дамытуға көрсетіп жатқан қолдауы үшін шынайы алғыстарын жеткізді.