16:35, 02 Маусым 2015 | GMT +5
Мақтаарал ауданының әкімі болып Жамантай Бейсенбаев тағайындалды - ОҚО
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының әкімі болып Жамантай Бейсенбаев тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Жамантай Қанайұлы 1958 жылы туған, агроном және заңгер мамандықтары бойынша жоғары білімі бар. Еңбек жолын Алматы облысы Қаскелең ауылында аға агроном болып бастаған. Партиялық жұмыстарда бірқатар қызметтерде болған. 2011 жылдың шілдесінен Мақтаарал ауданы Жетісай қаласының әкімі қызметін атқарды.