Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен әр адамға 100 мың теңгеден беріледі - Президент

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат - Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 100 мың теңгеден беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен әр адамға 100 мың теңгеден беріледі - Президент

«Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтамасыз етіледі. Олардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңге беріледі. Жағдай бақылауда» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.

Мемлекет басшысының жазуынша, су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалану мәселесі өзбек тарапымен тығыз байланыста шешіледі.