23:48, 26 Қазан 2019 | GMT +5
Мақтааралдық мектептерде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері түсіндірілді
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы мектептерде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері түсіндірілді. «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған кездесуде оқушыларға танымдық дәрістер жүргізіліп, тиісті мәліметтер берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шаралар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.