Мақтарал ауданына жаңа әкім тағайындалды - ОҚО

Ж.Бейсенбаев 1958 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша ғалым агроном, заңгер. Еңбек жолын 1982 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданы «Пригородный» кеңшарының аға агрономынан бастаған. 1982-2011 жылдары Ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының Жетісай аудандық комитетінің хатшысы, Жетісай аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, «Красная звезда» кеңшарының партия комитетінің хатшысы, Халық депутаттары Жетісай аудандық Кеңесі ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, Жетісай ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Мақтарал ауданы ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, Мақтарал ауданы Жетісай қаласының әкімі, Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2011 жылдың шілде айынан бастап Мақтарал ауданы Жетісай қаласының әкімі болып еңбек етіп келген.