Мақтарал ауданында 73 424 адам спортпен тұрақты түрде шұғылданады - ОҚО

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік қазақстан облысы Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында аудандық Спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен спортшыларды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

«2016 жылы дене шынықтыру мен спортты дамытуға аудандық бюджеттен жалпы 328 млн. 779 мың теңге қаралған. 2016 жылдың соңына дейін бөлінген қаржыны 100% игеру көзделуде», - дейді аудандық Спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Жандарбек Татеев. Оның айтуынша, ауданда мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелерінде 140 қызметкер жұмыс істесе, олардың 78-і спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар және аталған спорт мекемелерінде спорттың 16 түрі дамытылып, ондағы 157 топта 78 жаттықтырушы 2334 спортшымен жұмыс жүргізіп жатыр екен.

«Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан аумағында 174 бұқаралық спорттық іс-шара  ұйымдастырылып, оған 34 518 адам қатысты. Оның ішінде ауылды жерлерде 143 спорттық іс-шара өткізіліп, 28 168 адам  қамтылған. Ағымдағы жылды ауданда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 73 424 адамды құрап, барлық жастағы халықтың қамтылуы 23,9 пайызға жетіп отыр» - дейді бөлім басшысы. Сондай-ақ, биыл ауданда 790 спорт нысаны тіркелген екен (2015 жылдың қорытындысы  782 спорт нысаны). Бүгінгі таңда, Республикалық бюджет есебінен Жетісай қаласында футбол және волейбол алаңдары салынып жатқанын да бөлім басшысы еске салды.

Жалпы, іс-шарада аудан әкімі Ғ.Исмаилов үздік спортшыларды және олардың жаттықтырушыларын марапаттап, келесі жылы бұл көрсеткіштерді көтеру керектігін қадап айтты.

Айта кетейік, 2016 жылы Мақтарал ауданының спортшылары облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда 111 алтын, 118 күміс, 161 қола жүлделерге қол жеткізді. Ал, ҚР І лига командалары арасында «Мақтарал» футбол клубы 5 орынға (2015 жылы 8 орын) тұрақтаған.

Соңғы жаңалықтар