Мал басын есепке алатын «чип» орнату тәсілі алғаш рет Маңғыстауда өтті

None
None
АҚТАУ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Еліміз бойынша алғаш рет асыл тұқымды мал санын көбейту мақсатындағы «чип» орнату тәсілі Маңғыстауда өтті.
Мамандар сол арқылы алдағы уақытта елімізде ?Адай? жылқысының тұқымын асылдандырып, көбейтуді көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ауылшаруашылығы басқармасына сілтеме жасап. Бұл бағдарламаны «Каспий» ӘКК ҰК қаржыландыруда. Асыл тұқымды мал алу жұмыстарына олар 150 млн. теңге қаржы қарастырды. Оның 40 миллионға жуығы бөлініп қойды. Мал тұқымын асылдандыруды ғылыммен ұштастыра жүргізу мақсатында арнайы мамандар шақыртылып, олар малдарға «чип орнату» арқылы тіркеу жүргізді. Енді әр жылқының өзінің «төлқұжаты» бар, әрі ол алдағы 30 жылға жарамды.«Чип» мал туралы толық ақпарат алу үшін орнатылады. Ешқандай қағаздың керегі жоқ. Бірден сканерлеп алып, сол арқылы қандай бие, қандай нөмір, жасы, тұқымы қандай, соның бәрін білуге болады. Мал терісіне «чип» орнату, ежелгі тәсіл ? «ен тағудан» гөрі әлдеқайда жеңіл, әрі тиімді. Өйткені ол жайындағы барлық ақпарат компьютерде сақталады. Сондықтан егер бәрі ойдағыдай орындалып жатса, облыста төл алу көрсеткіші жоғары, мал өнімдері мол болады деуге толық негіз бар»,- дейді ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Игорь Нечаев. Аты бар да, заты жоғалуға айналған Адай жылқысының есебін тиянақтап, тұқымын асылдандыруды облыстағы ?Қарағантүбек? акционерлік қоғамы жылқы шаруашылығының мамандары қолға алып отыр. Арнайы компьютерлендірілген бағдарламаны енгізу арқылы енді бірнеше жылдан кейін ғалымдар қазақтың «Адай» жылқысын бүкіл әлемге танытпақ.
Соңғы жаңалықтар