Мал бруцеллезі инфекциялық аурулардың ішінде бұрынғысынша жоғары үлесті құрап отыр

АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезі инфекциялық аурулардың ішінде бұрынғысынша жоғары үлесті құрап отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен алқа мәжілісінде ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Серік Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның айтуынша, 2009 жылдың бес айында құтырма ауруының 19 ошағы тіркелді. Атап айтқанда, бұл ауру ошағы Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында анықталды.

 «Ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезі инфекциялық аурулардың ішінде бұрынғысынша жоғары үлесті құрап отыр. Аталған ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр»,-деді С. Сүлейменов.

 Оның сөзіне қарағанда, бруцеллезге қарсы  шаралардың қарқынды түрде өткізілуіне қарамастан, бұл дерт республиканың барлық өңірлерінде тіркелуде.

Биыл 2008 жылдан ауысқан бруцеллездің 183 ошағында сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Аталған ауру ошақтарында сауықтыру жұмыстарын жүргізуге бағдарлама аясында ағымдағы жылы 727 миллион теңге бөлінді.

 «Биылғы жылғы 5 айында Диагностикалық зерттеулер жоспарына сәйкес 3 миллионнан астам зерттеулер жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша 70,6 мың бас ауру ірі қара анықталды. Жалпы республика бойынша ауру жұқтыру көрсеткіші 2,2 пайызды құрайды»,-деді Комитет басшысы.

Соңғы жаңалықтар