Мал шаруашылығын алға бастыруға бағытталған басым бағыттар ортаға салынды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Үкіметінің осы мәселеге арналған қаулысын іске асыру жайында пікір алмасуға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты қызметкерлері, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары ауыл шаруашылығы басқармаларының жауапты қызметкерлері, мал дәрігерлері, аудан әкімдерінің орынбасарлары, селолық округтер әкімдері, басқа заңды және жеке тұлға өкілдері қатысып, қаралған мәселелер төңірегінде ой бөлісті. Жиында мал тұқымын асылдандыру, мал дәрігерлік қызметті одан әрі жетілдіру, мал союды бір орталықтандыру арқылы қатаң бақылау жүргізу жайы қозғалды. Соған сәйкес жер-жерде түсінік шаралары жүзеге асырылып, тиісті ұйымдық жұмыстар қолға алынатын болады. Мұндағы басты мақсат мал өнімдерінің сапалық көрсеткішін қамтамасыз ету арқылы азық-түлік қауіпсіздігін іске асыру болып отыр.