Малайзияда неолит адамының сүйектері анықталды

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат - Палеонтологтар Малайзияда тас ғасырында өмір сүрген адамының сүйектерін анықтады,

Малайзияда неолит адамының сүйектері анықталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат AFP сайтына сілтеме жасап.

Зерттеушілер Кеньир көлінің - Оңтүстік-Шығыс Азияда аумағындағы ең ірі жасанды көлдің жағалауында орналасқан Беваху үңгірінде жұмыс істеді. Үңгірден адам сүйектерімен қатар, сурет салынған керамиканың сынықтары табылды. Ғалымдар сынықтардағы суреттерді неолит кезеңіне жатқызып отыр. Сүйектер зерттеушілердің пікірінше, бұдан 8-11 мың жыл бұрын өмір сүрген жас жігітке тиесілі. Сүйектерден бөлінген ДНК үлгілері генетикалық сараптамаға жіберілді. Оның нәтижелері наурызда белгілі болмақшы.