Мәлік Хасенов Джей Ло концерті жайында: Қайрат Нұртасқа қарағанда арзанға түседі

АСТАНА. KAZINFORM — «Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов шетелдік жұлдыздардың ішінен неліктен таңдау Дженнифер Лопеске түскенін айтты.

Мәлік Хасенов
Фото: ОКҚ

— Қиын таңдау болды. Біз Дженнифер Лопес пен Қайрат Нұртас екеуінің біріне таңдау жасадық. Содан кейін біз бағаларын зерделеп, қайсысының бағасы төмен екенін қарадық. Сондықтан таңдау Дженнифер Лопеске түсті. Егер әзілсіз жауап берсем, жарты жыл келіссөз жүргізіп, жұлдыздың гастроль жолын зерделедік. Жалпы, 13 жұлдыздың гастроль жолын қарастырдық, — деп қалжыңмен бастады жауабын Мәлік Хасенов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, таңдау жасаған кезде ең алдымен әртістің гонорарына мән беріледі. Одан кейін логистикаға назар аударылады.

— Меніңше, Instagram-да 258 млн жазылушысы, бізден он есе көп тыңдарманы бар әртістің бізге келуі өте керемет, — деді ол.

Бұған дейін 1 тамызда «Астана Арена» стадионында әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концерті өтетіндігін жазған едік.  Билеттер ертең сатылымға шығады

Елордадағы концерт әлемдік жұлдыздың Up All Night турнесі аясында өтпек. Әлемдік тур 1 шілдеде басталып, 3 тамызға дейін жалғасады. Ол әлемнің 17 қаласын қамтиды, соның ішінде: Анталья мен Ыстанбұл, Мадрид пен Барселона, Будапешт, Варшава, Бухарест, Әбу-Даби қалалары бар.

Соңғы жаңалықтар