Мамыр айында Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиум басталады — Президент

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM —  ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты.

Алтын Орда туралы тарихи сериалдың ақтық кадрлары түсіріліп жатыр
Фото: Kazinform

- Осындай тарихи тақырыпқа келгенде тартымды көрнекі, яғни визуалды бейне жасаудан бөлек, алдымен оның ішкі мазмұны, мән-мағынасы терең болуын ойластыру қажет. Сондықтан менің тапсырмаммен мамыр айында Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиум ұйымдастырылады. Іс-шараға әлемнің беделді ғалымдары шақырылады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын Мемлекет басшысы Қызылорданың даму қарқынына жақсы баға бергені белгілі болды.

Айта кетейік, V Ұлттық құрылтайдың алғашқы күнінде 200-ден астам ұсыныс айтылды.

Соңғы жаңалықтар