Мамонттардың өмір сүру уақыты мыңдаған жылға ұзартылды

АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат - Бір топ зерттеушілер Солтүстік Америка аумағында мамонттар қазіргі пайымға қарағанда бірнеше мың жыл бұрын өмір сүрген деген тұжырымға келді,

Мамонттардың өмір сүру уақыты мыңдаған жылға ұзартылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Мамонттар шамамен 8 мың жыл бұрын жойылған деп саналады. Екінші бір көзқарас тұрғысынан жануарлар әлдеқайда ерте - 13-15 мың жыл бұрын шамасында жойылған. Аляска үшін мамонттардың жойылу уақыты шамамен 13 мың жыл деп бағаланады. Әдетте жойылу уақыты радио-көмірқышқыл сараптауын жүргізу арқылы анықталады. Бұл әдіс зерттеліп отырған үлгідегі көмірқышқыл изотоптарының арақатынастарын бағалауға негізделген.