Мамыр айында инфляция 0,7 пайызды құрады - Г. Марченко

АЛМАТЫ. 6 маусым. ҚазАқпарат - Өткен мамыр айында инфляция 0,7 пайызды құрады.

Мамыр айында инфляция 0,7 пайызды құрады - Г. Марченко

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко айтты.

«Жыл басынан бергі инфляция деңгейі 2,4 пайызды құрады. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде ол 4,8 пайызды құраған болатын. Биыл ол 2 есеге төмендеп отыр. Ал 12 айлық инфляция 5 пайыз болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге төмен», - дейді Г.Марченко.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, инфляцияның төмендеуіне байланысты қайта қаржыландыру мөлшерлемесі де 6 пайызға дейін төмендетіліп отыр. Көршілес Ресейде бұл 8 пайызды құрайды.