Мамыр айында теңге 0,1 пайызға әлсіреді - Ұлттық банк төрағасы

АЛМАТЫ. 6 маусым. ҚазАқпарат - Мамыр айында теңге 0,1 пайызға әлсіреді.

Мамыр айында теңге 0,1 пайызға әлсіреді - Ұлттық банк төрағасы

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Мамырда теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 доллар үшін 147,62-148,06 теңге шамасында болды.  Жаздың соңғы айында 3 күн бойы нарықта теңге өтімділігінің тапшылығы орын алып, 600 миллион доллар сатып алдық. Биржалық операцияларлдың көлемі төмендеді», -  дейді Г.Марченко.

Оның айтуынша,  Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосымша сауда-саттықтардағы мәмілелерді ескергенде өткен аймен салыстырғанда 5,7 пайызға төмендеп, 4,4 млрд. доллар болды. Ал  биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі 15,3 пайызға төмендеп, 2,5 млрд. доллар болды.

Тұтастай алғанда ішкі валюта нарығындағы операциялардың көлемі 9,4 пайызға төмендеп,  6,9 млрд. долларды құрады. Ұлттық банк ішкі валюта нарығында шетел валютасын нетто-сатып алушы болды. 9 ай ішінде теңгенің АҚШ долларына бағамы іс жүзінде бір доллар үшін тар дәлізде 148 теңге±1 теңге көлемінде тұрақтады. Бағам 2010 жылғы қаңтарда, 2003 жылдың ортасында және 2001 жылдың аяғында осындай деңгейде болды.