Мамырда Ақтөбе облысына қарасты 4 ауылдың әкімі сайланады

Мәлім болғандай, Ақтөбе облысына қарасты мына 4 ауылдық округтің әкімдері сайланады:
- Алға ауданының Тамды ауылдық округінің әкімі;
- Әйтеке би ауданының Темірбек Жүргенов ауылдық округінің әкімі;
- Ырғыз ауданының Аманкөл ауылдық округінің әкімі;
- Ойыл ауданының Ойыл ауылдық округінің әкімі.
«5 сәуірде 4 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында облыстың 4 ауылдық округ әкімдерін сайлау тағайындалды. Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды. 2023 жылғы 14 мамырға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарлары бекітілді», - делінген Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми сайтында жарияланған хабарламада.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну кеше, яғни 6 сәуірде басталды.