Мамырда елдегі киік популяциясын зерттеуге халықаралық сарапшылар келеді

None
Фото:turkystan.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мамыр айында Қазақстандағы киік популяциясының проблемаларын зерттеуге халықаралық сарапшылар келеді. Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің бас сарапшысы Асқар Абдрахманов ведомствоның брифингінен кейін осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы ақпан және мамыр айларында халықаралық сарапшылардың қатысуымен жиналыстар өтеді. Мамыр айы киіктердің ауыл шаруашылығына нағыз әсер ететін кезі болып есептеледі. Халықаралық мамандарды да осы уақытқа шақырып отырмыз», - деді комитеттің бас сарапшысы.

БАҚ өкілдері бұл жиындардан қандай қорытынды шығарылуы мүмкін екенін сұрады.

«Сіз айтып отырған ғалымдар елде киіктің үш популяциясын тәлімбақта өсіру қолға алынғанын алға тартып, киік атуға қойылған шектеудің күшін жою туралы шешім қабылдауы мүмкін бе?», - деп сұрады журналист.

«Мүмкін. Енді ол ғылыми ұсыныстарға, ғылыми жұмыстардың шешіміне байланысты», - деді ол.

Сарапшының сөзіне қарағанда, елімізде киіктерді қолға үйретуге жарамды тәлімбақтар баршылық.

«Жәңгір хан университетінің тәлімбағы, Алматы облысындағы Зоология институтының тәлімбағы, Қарағанды облысында да Жәңгір хан университетінің тәлімбағы бар. Қолға үйрету жұмыстары үш популяция бойынша жүргізіледі. Яғни, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарын қамтиды деген сөз», - деді Асқар Абдрахманов.


Фото:turkystan.kz

Соңғы жаңалықтар
telegram