Мамырда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 4,3 пайызға төмендеді

None
None
АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат -Ағымдағы жылғы мамырда сәуір айымен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 6,1 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде - 0,9 пайызға төмендеді.

Өндірілген өнім 4,7 пайызға арзандап, өндірістік сипаттағы қызметтер - 0,1 пайызға қымбаттады. Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, өткен айда бағаның газ конденсатына 19,1 пайыз, керосинге - 6,7 пайыз, пропан мен бутанға - 4,9 пайыз, мұнайға - 4,6 пайыз, металл кендеріне - 4,4 пайыз, дизельдік отынға - 3 пайыз, көмірге 1,1 пайызға төмендеуі тіркелген. Сонымен бірге, керісінше, баға отындық мазутқа - 3,1 пайыз, табиғи газға - 1,9 пайыз, бензинге 0,3 пайызға жоғарылаған. Бұдан бөлек, бір айда баға мысқа 6,3 пайыз, асыл металдарға - 5 пайыз, қорғасынға - 4,8 пайыз, өңделмеген алюминийге - 3,1 пайыз, мырышқа - 2,2 пайыз, қара металдар илегіне - 0,3 пайызға төмендеп, ферроқорытпалар 4,1 пайызға қымбаттаған.

Сонымен қатар, есепті кезеңде макарон өнімдері 2 пайыз, құс еті - 1,1 пайыз, мал еті - 0,5 пайыз, қант - 1 пайызға, балық және бидай ұны - 0,9 пайызға арзандады, ал жармалар - 3,1 пайызға, өсімдік майы мен шай - 0,4 пайызға және маргарин 0,3 пайызға қымбаттаған.

Соңғы жаңалықтар