16:41, 12 Мамыр 2009 | GMT +5
Мамырдың 15-інде «Нұр Отан» партиясының ХІІ съезі өтеді
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Мамырдың 15-інде «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының ХІІ съезі өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аса маңызды шараға жалпы 3 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде. Олардың 600-і - съезд делегаттары. ХІІ съезд делегаттарының қатарында аумақтық филиалдар мен бастауыш ұйымдардың жетекшілері, депутаттар, аудан, ауыл әкімдері, шағын және орта бизнес, білім және денсаулық саласының өкілдері бар.«Съезде талқыға түсетін басты мәселелердің бірі ? «Нұр Отан» партиясының 2009-2012 жылдарға арналған жаңа стратегиясы, ұйымның орталық органын сайлау және партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу», - дейді партияның ресми өкілі Оксана Петерс.