Мамырдың 7-сіндегі шұғыл кеңесте Еуроодақ басшылары Грекияға көмек бөлу мәселесін талқылайды

АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат - Еуроодақ пен Халықаралық валюта қоры бөлген қаржы көмегінің алғашқы траншын Грекия мамырдың 19-ында алып қалады.
None
None

Бұл туралы Еуропалық топтың төрағасы Жан-Клод Юнкер мәлім етті. Оның айтуынша, оған дейін қаржылай көмек пакеті еуроаумақтың бірқатар елдерінің парламенттерінің, сондай-ақ Халықаралық валюта қорының мақұлдауларын алуы керек, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Еуроодақ елдерінің қаржы министрлері грек экономикасын құтқаруға бағытталған шаралар пакетін мамырдың 2-сінде бекітті. Үш жылға есептелген несие екіге бөлініп беріледі - 80 миллиард еуроны Грекия Еуроодақтан алады, тағы 30 миллиард долларды - Халықаралық валюта қоры береді.

Мамырдың 7-сінде Брюссельде Еуроодақ елдері басшыларының шұғыл кеңесі өтіп, онда Грекияға қаржылай көмек бөлу мәселесі басты тақырып болады.

Соңғы жаңалықтар