«Манас» американдық базасын жалға беру бір жылға ұзартылады
АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - Уақытша қырғыз үкіметінгің басшысы Роза Отынбаева Associated Press агенттігіне берген сұхбатында елдің жаңа билігі АҚШ үкіметімен «Манас» әскери базасын жалға беру шартын бір жылға ұзартатынын мәлім етті, оның жалдау мерзімі 2010 жылғы шілдеде аяқталуы тиіс болатын,
деп хабарлайды РБК агенттігі.
Бұдан басқа Р.Отынбаева тақтан тайдырылған президент Құрманбек Бакиевтің қауіпсіздігіне кепілдік берілетінін мәлімдеді. «Біз оған конститутцияға сәйкес құқықтарға қауіпсіздік кепілдігін береміз», - деді ол.
«Манас» базасы АҚШ армиясының Ауғанстанға ұшатын ұшақтарына қосымша жанармай құю үшін пайдаланылуда.
Базаны жалдағаны үшін АҚШ өкіметі Қырғыз үкіметіне жылына 63 млн. доллар төлеп отыр. Өткен аптада АҚШ авиациясы бұл базаны пайдалануды Қырғызстандағы жағдайдың тұрақсыздануына байланысты уақытша тоқтатты.
Ал Қ.Бакиевке қатысты айтар болсақ, жаңа билік оған президенттік өкілдігін тоқтатқан жағдайда ғана қауіпсіздікке кепілдік беретін болады. Сейсенбі күні Қ.Бакиев егер оған және отбасына шынында қауіпсіздік кепілдендірілетін болса ғана перзиденттік өкілеттігін тоқтатуға әзір екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар, Қ.Бакиевтің мәлімдемесінен бұрын уақытша үкімет өз декретімен президенттің дербес құқықтылығын алып тасауға қаулы шығарды. Жаңа үкімет егер Қ.Бакиев өзі берілмесе, оны ұстау жөнінде арнайы операция жүргізілетінін атап өтті. Мұндай шаралар тағы да жанжалдар шығып кетпеуі үшін қажет, өйткені Қ.Бакиев Қырғызстанның оңтүстігінде өзін қолдайтын митингілер ұйымдастырып жүр.