00:18, 12 Желтоқсан 2018 | GMT +5
Манас әуежайында тұман салдарынан рейстер кейінге шегерілді
БІШКЕК. ҚазАқпарат - «Манас» әуежайында тағы екі рейс кейінге шегерілді. Бұл туралы «Кабар» әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Мәлмет бойынша олардың бірі - Баткен ішкі рейсі, екіншісі - халықаралық Қытай, Үрімжі.
Әзірге жағдай бұрынғыша - тұман шамадан тыс қалың.
Еске сала кетсек, бүгін таңертеңгілік қою тұман салдарынан 4 ұшақ Ош және Алматы қалаларындағы қосалқы әуежайларға қонуға мәжбүр болған еді.